Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматы дәріханаларында кезек азайды

2020 жылдың 8 шілде 2020 18:32

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Аматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен дәрі-дәрімекпен қамтамасыз ету бойынша өндіруші зауыттармен, жеткізушілермен және дәріханалармен бірлесіп күшейтілген шаралар қабылдануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ГаухарТас» дәріханалар желісінің директоры Гауһар Исабекованың айтуынша, дәріханалар алдындағы кезек азайып, жағдай тұрақталған.

«Соңғы 1-2 күннен бері үлкен кезектер жоқ. Әлеуметтік қашықтық та сақталуда, күн жылы болғандықтан, қауіпсіздік мақсатында дәріханаға 1 адамнан ғана кіргізу туралы шешімі қабылданды», - деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар ол, дәрілік заттар мен медициналық құралдарды жеткізу мәселесі әкімдікпен бірлесіп шешіліп жатқанын айтты.

«Коронавирус пандемиясын ескере отырып, халық арасында сұранысқа ие дәрілік препараттар фирмаға келіп жатыр. Мәселен, Алматы қаласының әкімдігімен жасалған қосымша келісім бойынша кеше «Парацетамол» алдық. Бұған дейін 3 күн бұрын жеткізіліп еді», - дейді Гауһар Исабекова.

Соған қарамастан, дәріханаларда «Парацетамолды» бір қолға 2 данадан береді. Бұл бір жерде аталған дәрімен шамамен 250 адамды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Жоғары қарай