Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы департаменті жүргізушіні ұрған полицейлерге қатысты видеоға түсінік берді

2020 жылдың 8 сәуір 2020 17:23

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы әлеуметтік желіде таралған видеоға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін facebook қолданушысы Айгүл Шәкібаева парақшасында полиция қызмектерлерінің көлік жүргізушісін ұстап алып, ұрып-соғып жатқанын жазған болатын .

Бұл видео желі қолданушылары арасында қызу пікір талас тудырды.

Бейнекадрдағы іс-әрекетке қатысты полиция түсінік берді.

«Бұл құқықбұзушылық бүгін Әуезов ауданында болған. Субару көлігі Саин көшесімен оңтүстікке келе жатып полиция постындағы қызметкерлердің тоқтау туралы талабына құлақ аспаған. Онымен қоймай полиция қызметкерінің аяғын басып кеткен. Жүргізушінің артынан қуғынға түскен полиция оны Абай Алтынсарин көшелерінің қиылысында ұстады. 37 жастағы ер адамның көлігін тінту кезінде қару табылды. Қазір оған қатысты ҚР ҚК 379-бабымен сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелді. Сонымен қатар, бұл жігіттен пышақ табылды. Енді ұсталған жігіт қылмыстық жауапкершілікке тартылады», - деді қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оның айтуынша, қазір полицияға бағынбау жайттары жиі кездесіп жатыр.

«Қызметтік міндетін орындау кезінде полиция қызметкерлерінің денсаулығына зақым келтіру немесе бағынбау қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескерткім келеді. ТЖ кезінде мұндай құқықбұзушылықтар қылмыстық ахуалды одан әрі ауырлата түседі», - деді С.Әзірбек.


Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Жоғары қарай