Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматы қаласына тартылған инвестиция көлемі өсті

2022 жылдың 20 қаңтар 2022 14:18

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда соңғы екі жылда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі рекордтық 1,2 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысының зардап шеккен бизнесті қалпына келтіру және қаланы одан әрі дамыту туралы тапсырмаларын орындау бойынша өткен қала активінде Бақытжан Сағынтаев алматылықтардың әл-ауқаты мен жұмыспен қамту тиімділігін арттыру шаралары туралы айтты.

«Біз сауданың, оның ішінде онлайн-сатудың жаңа форматтарын енгізу пайдасына нарықтық саудаға негізделген экономиканың қалыптасқан форматынан ауытқитын боламыз», - дейді қала әкімі.

Әкімдік цифрландыру, креативті индустрия, өнеркәсіп және басқа да жоғары өнімді салаларды дамыту есебінен экономиканың құрылымдық реформаларын жүргізуде.

Алматы әкімінің айтуынша, сұранысқа ие кадрлардың болмауы еңбек нарығының нақты қажеттілігінің сәйкессіздігіне алып келеді.

«Осыған байланысты білім, қоғамдық даму, әлеуметтік әл-ауқат басқармаларына кадрларды даярлау кезінде колледждердің бағдарламаларын қайта қарауды тапсырамын», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Жұмыспен қамту мен өмір сүру сапасын арттырудың маңызды қадамы іскерлік белсенділікті ынталандыру болады.

Соңғы екі жылда негізгі капиталға салынған инвестициялар 820 млрд теңгеден рекордтық 1 трлн 200 млрд теңгеге дейін жетті.

Бұл ретте әлеуметтік салаға тартылған инвестиция 12%-ға өсті.

«2025 жылға дейін іске асырылатын 4,5 трлн теңгеге 396 инвестициялық жобадан пул құрылды. Өткен жылы 10 мың жұмыс орнын құрумен 83 жоба аяқталды. Былтыр 55 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл тағы 80 жобаны іске асырамыз, онда 11 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады»,- дейді қала басшысы.

Алматының индустриалды аймағында 2 жыл ішінде 10 жаңа кәсіпорын пайдалануға берілді.

«Сонымен қатар 25 жоба алынып тасталды және 110 га босатылды, онда 37 жаңа жоба тартылды, оларда 3615 жаңа жұмыс орны ашылады. Биыл 15 жобаны іске қосу жоспарда»,- дейді Бақытжан Сағынтаев.


Жоғары қарай