Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесі науқастарды қабылдауға дайын - Бақытжан Сағынтаев

2020 жылдың 3 желтоқсан 2020 16:12

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалық денсаулық сақтау жүйесі коронавирусқа қатысты жағдай нашарлаған жағдайда науқастарды қабылдауға дайын деп сендірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы алғанда, қаланың барлық емдеу мекемелерінде төсек-орын жеткілікті. Бүгінгі күні қосымша 7 мыңнан астам орын дайындалды, 5 мыңнан астам төсек–орын резервте тұр. Бүгінгі күні оның 34%-ы ғана бос емес. 255 реанимациялық төсек бар. Қазір оның 60-тан астамы қолданыста. Қалғаны резервте. Дәрі-дәрмекте жетеді», - деді шаһар басшысы Almaty Invest форумында.

Сондай-ақ, ол заманауи әрі сапалы медициналық құрал-жабдықтардың сатып алынғанын тілге тиек етті. Медициналық персоналдың кадрлық резерві 2 мыңнан астам адамды құрайды.

«Егер жағдай қиындаса, қаланың денсаулық сақтау жүйесі науқастарды қабылдауға дайын деп сендіре аламын», - деді әкім.


Жоғары қарай