Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы қарттары тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтті

2021 жылдың 24 ақпан 2021 15:58

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Баум бағында қарттар ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай спорттық шара өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спорттық шараны Алматыдағы Түрксіб аудандық белсенді ұзақ өмір орталығының қызметкерлері ұйымдастырды.

«Бүгінгі шара ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады. Біздің орталығымыз қарт кісілердің ұзақ өмір сүруіне барынша жағдай жасаумен айналысады. Орталыққа келіп жүрген 30 жуық қарт кісі ел тәуелсіздігінің мерейтойына өз үлестерін қосты. Бұл жоба Алматыда 2018 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Біздің ауданда орталық 2019 жылы ашылған болатын. Бұл жерге 60 жастан асқан кісілер келеді. Зейнет жасындағы азаматтар скандинав тәсілімен жүріп, денені шынықтыру арқылы емделіп, йогамен айналысады. Орталықта дәрігерлер, психологтар, заңгерлер кеңес береді. Жоба бойынша бізде күніне 100 адамға көмек көрсетіледі. Олардың көпшілігі Сейфуллин атындағы саябақта спортпен шұғылданады», - деді орталықтың жетекшісі Самат Бисенов.




Бүгінде бұл орталықта түрлі бағытта 15 инструктор жұмыс істейді.




«Осында келетін зейнеткерлер біздің орталыққа ризашылығын білдіріп жатыр. Себебі, 1,5 жылда олардың денсаулығы жақсарып, көңіл күйлері көтерілді. Дос тауып, араласатын орта тапты. Біздің есігіміз барлық келушілерге ашық», - деді Самат Бисенов.




68 жастағы алматылық Гүлнар Қаблақатова скандинав тәсілімен жүруге 4 жылдан бері қатысып келеді.

«Орталықтың арқасында жақсы орта таптым. Менің өмірімде қиын жағдай болып, анам қайтыс болған еді. Сол сары уайымнан шығу үшін осында келдім», - деді әйел.

Ғылыми деректерге сәйкес, Скандинав жүрісі спорт түрі ретінде Финляндияда пайда болған.

Бұл спорт түрі адам бұлшықетінің 90 пайызын жұмыс істетеді екен.

















Жоғары қарай