Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы-Қорғас жолында көлікте тірідей жанып кеткен екі әйелдің қазасы бойынша тергеу басталды

2021 жылдың 4 маусым 2021 13:44

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы-Қорғас жолында тірідей көлікте жанып кеткен екі адамның қазасы бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 мамыр күні сағат 17:40 шамасында Еңбекшіқазақ ауданының полициясына көліктің өртенгені жөнінде хабарлама түскен.

«Көліктің ішінде екі әйел адам жанып кетті. Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Бұл факті бойынша арнайы сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр»,- деп пікір білдірді аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін көліктің салонында екі адамның тірідей өртенгенін хабарлаған болатынбыз.

Оқиға орнынан видео түсірген куәгерлердің сөзінше, көлік қызыл жалынға оранғанда екі әйел ішінде ұйықтап жатқан.

Олар тілсіз жаудан құтыла алмай, оқиға орнында тірідей жанып кеткен.

«Машина өртеніп, ішінде екі келіншек қалып, жанып кетті. Ешқандай көмек болмады. Жүргізуші ашқанда ол ары қарай қашыпты. Бері қарай тартып едім, от шығып еді ары қарай қашты. Бұлар ұйықтап қалған ғой» делінген бейнежазбада.

Ал құтқарушылар дер кезінде оқиға орнына жете алмаған. Себебі, жақын маңда өрт сөндіру қызметі болмаған.

Қызыл жалынның шығу себебі анықталып жатыр. Кеше кешкісін сағат алты шамасында болған оқиға орнына Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт-сынақ зертханасы жұмылдырылды.

Оқиғаның мән-жайын тиісті органдар анықтап жатыр.

Мамандар аптап ыстықта азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Жолға шыққанда көлікті техникалық тексеруден өткізуге кеңес береді.

«Шақыру орнына Алматы облысы ТЖД 4 қызметкері мен 1 техника шықты. Жанған жерден өрт сөндіру бөліміне дейінгі қашықтық 45 км құрады. Өрт орнында автокөлік салонында 2 жолаушының жанып кеткен денесі табылды» деді Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің ресми өкілі Азамат Жұртбаев.


Жоғары қарай