Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы коронавирус бойынша «жасыл» аймақта: Карантин қашан жеңілдетіледі

2021 жылдың 12 маусым 2021 23:00

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында «жасыл» аймаққа өтті. Алайда, қалада карантиндік шектеулер 20 маусымға дейін сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл жағдай («сарыдан» «жасыл» аймаққа өту – ред.) 100 мың адамға шаққандағы індеттің 48.1-ге дейін төмендеуіне байланысты, инфекция индексі 0.76-ға тұрақтанды. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы (16%-дан астам) шектеу шараларының қабылдануы және тұрғындардың вакцина алуының арқасында болып отыр», - деді қаланың Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Бұл ретте, ведомстводан мәлім еткендей, биылғы 20 маусымға дейін матрицаның «сары» аймағына сәйкес келетін карантиндік шектеулерді қатаң сақтауды жалғастыру қажет.

«ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің бұйрығымен карантиндік іс-шараларды жеңілдету «сары» аймаққа «қызылдан» немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өткеннен кейін 7 күннен ерте жүргізілмейді.

Осыған байланысты карантиндік шараларды жеңілдету туралы Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің тиісті қаулысы қабылданатын болады», - деп нақтылады департаменттен.


Жоғары қарай