Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 376.16
EUR 406.18
RUB 5.90
CNY 53.60

Алматы көшелеріне жаңа автобустар шықты

2020 жылдың 16 қаңтар 2020 10:25

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы көшелеріне жаңа автобустар шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматыэлектротранс» ЖШС жаңа «Zhongtong» автобустарының кезекті партиясын алды. Көпшіліктің сұранысы бойынша № 121 бағытындағы қоғамдық көлік 100 пайыз жаңарды. Жоспарланған 18 автобус қала көшелеріне шығады, ал тағы екеуі резервте болады», - деп хабарлады қала әкімдігі.

Мемлекеттік тіркеуден өтіп, «Оңай» жүйесі орнатылғанан кейін автобустар жұмысқа кіріседі. Қоғамдық көлік арнайы қалалық жолаушылар тасымалы үшін жасалған. Автобус сұйытылған табиғи газбен (CNG) жүреді, кондиционермен және видеобақылаумен жабдықталған.

Автобустың сыйымдылығы - 104 адам, отыратын 22 орын және қимылы шектеулі жолаушылар үшін 3 орын бар.


Жоғары қарай