Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматы маңында «Алтын Орда» базары өртенді

2020 жылдың 30 маусым 2020 18:24

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы қаласының іргесінде орналасқан «Алтын Орда» базарынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«30 маусым күні сағат 16:23-те Қарасай ауданы, Алматы-Ташкент автожолының 15-шақырымында орналасқан «Алтын Орда» базарында асхана өртеніп жатқандығы жөнінде хабарлама түсті. Қызыл жалынның таралуы сағат 17:00-де тоқтатылып, 17:33-те толығымен сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша, тілсіз жау 240 шаршы метр жерді (асхананың аумағы және металдыпластиктен жасалған сауда павильондары) шарпыған. Өрттің шығу себебі анықталуда», - делінген Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Жалынмен күреске Алматы қаласы мен Алматы облысының 20 өрт сөндірушісі және 4 техникасы жұмылдырылған.









Жоғары қарай