Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы мектептері дәстүрлі форматта оқуға дайын ба

2021 жылдың 28 тамыз 2021 13:53

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы мектептері дәстүрлі форматта оқуға дайын. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастығы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның сөзінше, жаз бойы қала әкімдігі жаңа оқу жылына дайындалды.

«Қала мектептері 100 пайыз оқушыларды қабылдауға дайын, барлығы Ashyq жүйесіне қатысады», - деді Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері.

Мектеп оқушылары арасында аурушаңдық тәулігіне 160 -тан 110 -ға дейін төмендеді.

Жандарбек Бекшин коронавирустың «дельта штамының» тез жұғатындығын еске салды.

Сонымен қатар, ол карантин талабын барынша сақтауға кеңес берді.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Білім, Алматы,
Жоғары қарай