Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында тағы екі пойыз жолға шығады

2022 жылдың 11 қаңтар 2022 18:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары арасында тағы 2 қосымша коммерциялық пойызды іске қосады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

11 қаңтарға Алматы-2 станциясынан қосымша пойыздар ұйымдастырылды:

- «Алматы-2 – Нұр-Сұлтан-1» бағытындағы №203 пойыз Алматы-2 станциясынан 19 сағат 41 минутта жолға шығып, Нұр-Сұлтанға 12 қаңтар 16 сағат 35 минутта келеді.

- «Алматы-2 – Нұр-Сұлтан-1» бағытындағы №205/206 пойызы бүгін сағат 22.05-те жолға шығады.

Елордаға 12 қаңтарда сағат 19.13-те келеді.

Одан әрі осы пойыз Нұр-Сұлтан-1 станциясынан 12 қаңтарда шығып, 13 қаңтарда сағат 20.05-те Алматыға келеді.

Еске сала кетейік, кеше Алматы мен елорда арасында 4 пойыз іске қосылатынын жазған болатынбыз.


Басты сөздер: Пойыз, Көлік, Алматы, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай