Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматы облыстық сотынан карантин алынды

2020 жылдың 1 шілде 2020 09:20

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 10 маусым күні карантинге жабылған Алматы облыстық сотынан карантин режимі алынып тасталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Короновирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты Алматы облыстық сотынан күшейтілген режим алынады. Сот жұмысын күшейтілген карантин шаралары негізінде жалғасады» делінген аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, сот өндірісіндегі барлық санаттағы істер қайта жаңарады.

«Сот ісіне қатысы бар тұлғаларға сот отырыстарының қаралу уақыты міндетті түрде алдын ала хабарланады. Сот отырыстары тек қашықтықтан өтедіы. Барлық құжаттар тек электронды түрде қабылданады. Азаматтар мен сотқа келушілерден уақытша қабылданған шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз»,- деп толықтырады Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 10 маусым күні Алматы облыстық сотының 9 судьясынан коронавирус анықталып, сот ғимараты карантинге жабылғанын хабарлаған болатынбыз.


Жоғары қарай