Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысы Мемлекеттік қызмет істері департаментіне жаңа басшы тағайындалды

2020 жылдың 17 маусым 2020 20:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департаментіне жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бастаған облыс басшылары департаменттің жаңа басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалған Ляззат Бейсеқұлованы ұжымға таныстырды.




Облыс әкімі Ляззат Мұқатайқызының мемлекеттік қызметтің ыстығы мен суығына төзіп, білімі мен тәжірибесінің арқасында меритократия қағидасына сәйкес қарапайым қызметкерден департамент басшысы лауазымына дейінгі әр белесті бағындырғанын, сондай-ақ, нағыз өз ісінің маманы екендігін тілге тиек етті.




Ляззат Мұқатайқызы Бейсеқұлова 1972 жылы 10 сәуiрде Алматы облысы Көксу ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары: Инженер-технолог, Экономист және Құқық.

Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі - 22 жыл, оның ішінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымдық бөлімшесінде – 8 жыл.

Аталған мемлекеттік органда қызметін Персоналды басқару бөлімінің консультанты лауазымынан бастаған.

Тұрмыста, екі баланың анасы.



Жоғары қарай