Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматы облысы Сарқан ауданында бес жастағы баланың мәйіті қоқыстан табылды

2022 жылдың 18 мамыр 2022 22:01

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Сарқан ауданында бес жастағы баланың мәйіті қоқыстан табылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полицияның ақпаратына сәйкес, баланың мүрдесі Сарқан қаласындағы кірпіш шығаратын зауыттың маңындағы қоқыстан табылған. Бала алдын ала болжам бойынша, 4-5 жаста. Бойы - 90-100 см.

Баланың басы шамамен бес метр жерден табылған. Болжам бойынша, ол қыз бала болуы мүмкін. Қазір мүрде мәйітханаға сараптама жасалу үшін жіберілген.

«Баланың өлі денесі қоқыстан табылғанын растаймын. Сарқан аудандық полициясына бала жоғалды деген шағым түспеген. Бұл іспен полиция айналасып жатыр»,- делінген Сарқан ауданы әкімінің баспасөз қызметінің ҚазАқпарат тілшісіне берген жауабында.


Жоғары қарай