Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматы облысында 15-16 жастағы екі қыз үйлерінен қашып, Алматыдағы метроға түнеп шыққан

2020 жылдың 10 шілде 2020 15:41

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері із-түзсіз жоғалған екі қыздың жылдам тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғалған қыздар Алматыда серуендеу мақсатында ата-аналарына ескертпей, үйлерінен қашып кеткені белгілі болды.

7 шілде күні Жамбыл ауданының полициясына жоғалған қыздардың бірінің анасы келіп, оның 15 жасар қызын тауып беруге көмек сұраған. Жасөспірім 6 шілде күні кешке белгісіз бағытта үйден шығып, қайтып оралмаған.

Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шаралары барысында із-түссіз жоғалған қызды 16 жасар құрбысының қасында жүргенін және құрбысының да үйінде жоқ екенін анықтаған. Із кесушілер сол күні-ақ құрбылардың Алматы қаласындағы мекенжайын шұғыл белгілеп, ювеналды полиция инспекторымен бірлесіп, жедел уәкілдер қыздарды аман-есен ата-аналарына қайтарды.

Үйлерінен шыққан олардың Алматы қаласына таксимен жеткені, метроға түнеп шыққаны белгілі болды. Келесі күні Арбат маңында серуендеп, кешке пәтер жалдау үшін вокзалға келген қос құрбыны тәртіп сақшылары күтіп алған. Ал, олар қалада қыдыру үшін үйлерінен қашып кеткенін айтқан.

Кәмелетке толмағандардың ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігіне сәйкес ата-ана міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту туралы әкімшілік материал жасалды, ал кәмелетке толмағандардың өздері профилактикалық есепке алынды.


Автор Самал Қабышева
Басты сөздер: Алматы облысы, Оқиға,
Жоғары қарай