Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматы облысында 2-4 балдық жер сілкінісі болды

2020 жылдың 6 маусым 2020 10:35

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық станциялар желісі 6 маусым күні сағат 06:10-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жерасты дүмпуінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 244 шақырым қашықтықта орналасқан. Энергетикалық санаты – 12.2. MPV магнитудасы – 6.2. Тереңдігі – 25 шақырым», - делінген хабарламада.

МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәлімет: Талдықорған, Текелі, Қарабұлақта – 4 балл, Қапалда – 2-3 бал, Алматыда – шамамен 2 балл.

«ЖБО ЖП мәліметінше, патрульдік маршруттардағы патрульдік жасақтар ештеңе байқамаған, жағдай тұрақты. Тұрғындардан «112» және «101» желілеріне қоңырау келіп түскен жоқ. «Қазселденқорғаудың» хабарлауынша, гидротехникалық ғимаратта деформация, шөгу және жарықшақ байқалған жоқ. Өзен арналарында лайлылық әдеттегі шекте, қалыпты режимде ағып жатыр», - деп хабарлады Алматы ТЖД.


Жоғары қарай