Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында 200 мың теңге пара алған полицейлер 7 млн теңгеден айыппұл төледі

2021 жылдың 15 қыркүйек 2021 13:31

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 200 мың теңге пара алған полицейлер 7 млн теңге айыппұл төледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олардың пара алатыны туралы мәлімет сыбайластықпен күресетін 1424 сall-орталығына келіп түскен.

«Талғар аудандық полиция басқармасының патрульдік полиция ротасы инспекторлары, 1987 және 1992 жылы туған аға лейтенанттардың әрекеті әшкере болды. Олар алдын ала сөз байласу арқылы 200 000 теңге пара алды. Параны ҚР ӘҚБтК 612-бабы 3-бөлігі (көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушінің көлік құралын басқаруы) бойынша әкімшілік жауапқа тартпау және көлік құжаттарын қайтарып беру үшін алған»,- делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, Талғар аудандық сотының үкімімен екеуі де ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсы 7 млн теңге мөлшерінде (пара сомасының 35 еселенген мөлшері) айыппұл төлейтін болды.

Айта кетейік, халықтың құқықтық сауатын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларының тиімділігі, жасалған фактілерге уақтылы ден қою мақсатында тәулік бойы 1424, 24/7 сall-орталығы жұмыс істейді, яғни түнгі уақытта, демалыс күндері сіз сыбайлас жемқорлық фактілері туралы елдің кез келген жерінен 1424 сall-орталығына хабарлай аласыз.

Орталық қызметкерлері азаматтарға құқықтық мәселе бойынша кеңес береді, келіп түскен өтініштерді одан әрі талқылау үшін өңірлік департаменттерге дереу береді.

Қабылданған шаралар, оның ішінде қылмыстық-құқықтық ортада, өзінің өзектілігі мен қажеттілігін көрсетеді.

Азаматтардың әлеуметтік салаға қатысты өтініштері тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге мүмкіндік береді.


Жоғары қарай