Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Алматы облысында 40-тан астам тұрғын қаржы пирамидасынан зардап шекті

2020 жылдың 21 ақпан 2020 20:21

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 40-тан астам тұрғын қаржы пирамидасынан зардап шекті. Олардың қатары әлі де көбеюі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаржы пирамидасының негізгі белгілері мынадай: ұйымның беретін табысы нарық деңгейінен бірнеше есе жоғары, бұрын-соңды болмаған жоғары кірісті жария ететін агрессивті жарнама; басқа қатысушылардың салымынан жаңа қатысушыларға қаражат төлеу; ұйымның нақты анықтамасы жоқ; сізден пирамидаға кіру ақысын беруді, жаңа клиенттерді тартуды сұрайды және тағы басқалар», - делінген Алматы облыстық прокуратурасы таратқан хабарламада.

Облыстық прокуратура азаматтарды күмәнді кәсіпорындарға ақша салмау керектігін ескертеді.

«Облыстың 40-тан астам азаматы осы жүйе бойынша жәбірленуші атанды. Олардың саны артуы мүмкін. Себебі, барлық жәбірленуші уақытында шағымданбайды. Кейбіреулері мүлдем құқық қорғау органдарына жүгінбейді» делінген хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 2019 жылы қылмыстық қудалау органдары қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқаруға қатысты 8 сотқа дейінгі тергеуп-тексеру материалын тіркеді. Биыл да осындай фактілер анықталып, құқық қорғау органдары қаржы пирамидасын құрған адамдар тобына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.


Жоғары қарай