Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында 55 жастағы әйел күйеуін оқтаумен ұрып өлтірді

2019 жылдың 31 қазан 2019 23:08

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында азаматтық некедегі күйеуін оқтаумен ұрып өлтірді деген күдікпен 55 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Кербұлақ ауданында болған. Сарыөзек ауылының тұрғыны полицияға хабарласып, күйеуінің жан тапсырғанын айтқан. Оқиға орнына жеткен полицейлер 1952 жылы туған еркектің денесінде көгерген-ісінген қанды жарақаттар барын анықтады. Тәртіп сақшылары қылмыс болған үйден кісі өлтіру үшін қолданылуы мүмкін оқтауды тапты.

«Үй иесі Кербұлақ ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Ол отбасылық жанжал кезінде ішімдік ішіп, масайып алған күйеуін қолмен және оқтаумен сабағанын айтты. Қазір 55 жастағы әйел қамауға алынған. ҚР ҚК 99-бабымен қылмыстық іс қозғалды», - деп мәлім етті Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қылмыстық істі Кербұлақ ауданының полицейлері тергеп жатыр.

Автор Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Алматы облысы, Оқиға,
Жоғары қарай