Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматы облысында 623 адам коронавирусқа байланысты оқшауланған

2020 жылдың 30 наурыз 2020 20:55

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 623 адам коронавирусқа байланысты оқшауланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде облыстың санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов Талдықорғанда өткен брифинг барысында мәлім етті.

«Алматы облысында 623 адам коронавирусқа байланысты оқшауланған. 163-і стационарлық, 460-і үй карантинінде», - деді Қайрат Баймұхамбетов.

Айта кетейік, Алматы облысында коронавирусты 8 адам жұқтырған (30 наурызда сағат 18:50-дегі жағдай бойынша). Оның ішінде бір науқастың аяғы ауыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне қарағанда, олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда, қажетті ем-шаралары жасалып жатыр.

Ал инфекция жұқтырғандармен байланыста болғандар анықталып, карантинге алынған.


Жоғары қарай