Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында ата-анасыз қалған балалар қуыршақ сатып, кәсіптерін бастауда

2021 жылдың 29 қараша 2021 14:57

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында ата-анасыз қалған балалар қуыршақ сатып, кәсіптерін бастауда, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талғар ауданы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Ковчег» мемлекеттік емес ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үйінің тәрбиеленушілері қуыршақты өз қолымен жасайды.

Жасөспірімдер матаны қырқу, кестелеп тігуді өз мойнына алса, кішкентайлары қай мультфильм кейіпкерінің қуыршақ болатынын таңдайды.

«Бұл жерде 2-18 жасқа дейін 41 бала бар. 27-сі қатарластары секілді мектепке барады, ал 3 бүлдіршінді балабақшаға берген. Біразының ата-анасы құқынан айырылған, ал біразынан бас тартқан. Мүгедек балалар да бар»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

Әлі де келіп жатқандар бар. Айына 2-3 бала түседі дейді жетімдер үйінің тәрбиеленушілері.

«Жетімдер үйі жомарт жандардың арқасында күнелтеді. Бірақ осы соңғы жылда балалар қуыршақ жасап, сатып жүр. Өздеріне шын ниетпен көмек қол ұшын созғандарға тегін сыйлайды.

Сондай сыйлыққа Талғар ауданы әкімдігі ие болды.

Қазір тәрбиешілердің өтінішімен мемлекеттік емес жетімдер үйін жартылай мемлекеттік қылуға мәселе қарастырылып жатыр»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.


Жоғары қарай