Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында әйелін өлтіріп, денесін суға лақтырған күдікті ұсталды

2021 жылдың 16 қыркүйек 2021 07:18

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері әйелін өлтіріп, денесін үлкен Алматы каналына лақтырып жіберген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 қыркүйек күні Еңбекшіқазақ ауданындағы Үлкен Алматы каналынан әйел адамның мүрдесі табылған.

Мәйітті тапқан ер адам бірден полицияға хабар берген.

Жүргізілген тексеру барысында мерт болған әйелдің 37 жастағы Талғар қаласының тұрғыны екені анықталды.

Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен әйелдің 48 жастағы күйеуі ұсталды.

«Ұсталған ер адам 6 қыркүйек күні әйелін өлтіріп, қылмысын жасыру үшін Үлкен Алматы каналына жеткізіп, лақырып жібергенін мойындаған. Ал істің ушығуына ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал себеп болған»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.


Автор Самал Қабышева
Басты сөздер: Оқиға, Заң, Алматы облысы,
Жоғары қарай