Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматы облысында бір отбасы көлікпен батпақты тоғанға батып кетті

2021 жылдың 15 қараша 2021 19:20

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - «Талдықорған – Үштөбе» тасжолында болған жол апатынан бір отбасының үш мүшесі қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Желіде 3 адамның жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған болатын.

«14 қарашада 167 KSY 05 мемлекеттік нөмірі бар «Skoda Superb» автомобилімен үш адам жоғалып кетті. Алматыдан Үштөбе қаласына жолға шыққан. Сағат 19:00-де Талдықорған аркасынан өткеннен кейін байланысқа шықпаған», - делінген Instagram-дағы пабликтердің бірінде.

Кейінірек осы топта көліктің Үштөбеге бара жатқан жолда аударылған күйі батпақты су тоғанынан табылғаны хабарланды.

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 15 қарашада Талдықорған қалалық полиция бөліміне 27 жастағы Қаратал ауданының тұрғыны 14 қараша сағат 17.00 шамасында «Skoda Superb» маркалы көлікпен ата-анасы мен әпкесі жолға шығып кетіп, із-түзсіз жоғалғанын айтқан.

«Сол күні полиция қызметкерлері «Талдықорған-Үштөбе» тасжолынан аударылған «Skoda Superb» көлігін тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, 60 жастағы жүргізуші рульді игере алмай, аударылған. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен ондағы 47 және 19 жастағв жолаушылар оқиға орнында мерт болған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.




Авторы Еламан Тұрысбеков


Жоғары қарай