Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында бір жасқа толмаған сәбиден коронавирус табылды

2020 жылдың 24 мамыр 2020 21:36

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Соңғы тәулікте Алматы облысында тағы 6 адам індет жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Алматы облысында коронавирус инфекциясының тағы 6 жағдайы тіркелді. Атап айтқанда, Талдықорған қаласы мен Ескелді және Талғар аудандарының әрқайсысында 2 фактіден анықталды.

Пациенттер 1950, 1989, 1989, 1995, 1996, 2020 жылы туған. Оның төртеуі - бұған дейін вирус жұқтырғандармен байланыста болғандар, қалған екеуінің сырқаты профилактикалық тексерілу барысында белгілі болды.

Сырқаттардың барлығы оқшауланып, қазір инфекциялық бөлімге ауыстырылған. Эпидемиологиялық зерттеу жалғасуда.

24 мамырдағы жағдай бойынша Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 284 болды.




Басты сөздер: Алматы облысы, Коронавирус,
Жоғары қарай