Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында болашақ құтқарушыларды даярлайтын кадет сыныбы бар

2020 жылдың 1 ақпан 2020 06:31

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында болашақ құтқарушыларға арналған кадет сыныбы бар. Ол азаматтық қорғаныс ұйымдарын жандандыру мақсатында 2019 жылы Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы 7-ші орта мектеп негізінде ашылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Smartsarbaz» - «Жас өрт сөндіруші», яғни ең жас құтқарушыларды дайындайтын еліміздегі жалғыз кадет сыныбында 27 оқушы бар. Олардың 16-сы – ер бала, 11-і – қыз. Кадеттік сынып – болашақ мамандарды тәрбиелеудің жаңа тәсілі.

Мамандардың айтуынша, мұндағы оқушылар тәртіпке үйреніп, уақытын тиімді жоспарлауға дағдыланады. Бойына жауапкершілік пен патриотизм сияқты қасиеттерді сіңіріп өседі. Сыныпты ашудағы басты мақсат, мектеп партасынан болашақ өрт сөндіруші, құтқарушыларды даярлап шығару. Кадет сыныбын Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өз қамқорлығына алған. Департамент қызметкерлері кадеттерге сабақ беріп қана қоймай, тәжірбие жүзінде өрт сөндіру бөлімдері мен суда құтқару қызметіндегі жұмыстарын таныстырып, машықтануға көмектесіп тұрады.


Жоғары қарай