Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматы облысында ХІХ ғасырда ашылған шипажайдың жұмысы қайта жанданатын болды

2022 жылдың 16 мамыр 2022 10:54

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Ақсу ауданындағы «Қапал-Арасан» шипажайы қайта жанданады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қапал-Арасан» ХІХ ғасырда ашылған шипажай радон суымен, емдеу сапасымен танымал болатын. Қазір ол он жылдан астам уақыт жұмыс істемей қаңырап тұр. Ақсу ауданы әкімдігіне шипажайдың жерін сатып алған «Bolashak Tengiz Realty» компаниясының басшылығымен тығыз байланыс орнатып, шипажай ғимараттарын қалпына келтіріп, жұмысын бастау үшін жан-жақты қолдау көрсету қажет. Бұл өз кезегінде ауданның экономикасына оң серпін береді, инвестиция тартылып, тұрақты жұмыс орындары ашылады», - деді Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев.

Өңір басшысы өз орынбасары Арслан Дәндібаевқа осы мәселені бақылауға алуды тапсырды.

Қанат Бозымбаевпен тұрғындардың кездесу жиында жайылымдық жер бөлу, субсидияның қолжетімділігі, Қапал колледжінің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу, дәрігер мамандардың тапшылығы, жедел жәрдем автокөлігін жаңарту мен компьютерлік томограф қажеттігі, тұрғын үймен қамту, Молалыға дейінгі 27 км жолды жөндеу, Талдықорған-Өскемен автожолының Ақсу ауданын басып өтетін учаскесінің біту мерзімі, жазғы демалыс лагерін ұйымдастыру, жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек алу мүмкіндіктері туралы мәселелерге қатысты болды.


Жоғары қарай