Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында қар құрсауынан 30 адам құтқарылды

2020 жылдың 30 қараша 2020 11:39

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында қар құрсауынан 30 адам құтқарылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, 30-қараша күні сағат 02:37-де кезекші бөлімге тұрғындардың жолда қалып қойғаны жөнінде хабарлама түсті. Тұрғындар Ақсу ауданындағы Көшкентал ауылынан 10 шақырым жерде жеңіл автокөліктерімен қар құрсауында қалған.

«Алматы облысы ТЖД күшімен Урал базасындағы «Шнекоротор» арнайы техникасын қолдану арқылы, автожол учаскесі қар құрсауынан тазартылды. 10 автокөлік сапарларына қайта шықты. Автокөліктер салонында 30 адам болды, оның ішінде 2 бала. Олардың барлығы медициналық көмекке мұқтаж емес.

Сонымен қатар, бүгін сағат 9.30-дан бастап «Алматы – Өскемен а/ж - Қапал-Арасан шипажайы» облыстық маңызы бар автожол учаскесінде (0 шақырым мен 45 шақырым арасында) барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылды.


Жоғары қарай