Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында көлік апатынан 2 адам мерт болды

2021 жылдың 23 ақпан 2021 13:29

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында көлік апатынан жүргізуші мен жолаушы мерт болды. Тағы бір көліктің жүргізушісі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға бүгін таңғы сағат 07:00 шамасында болған. «Алматы-Көкпек-Көктал» тасжолының 38-шақырымында «Kia Rio» көлігінің 34 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Онда «Toyota Carina»-мен соғылған. Салдарынан «Kia Rio»-ның 28 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, осы көліктің жүргізушісі ауруханада мерт болды.

«Toyota Carina» машинасының 54 жастағы жүргізушісі түрлі дене жарақатымен Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.

Аталған көлік апаты бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.


Жоғары қарай