Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында көлік апатынан 7 адам мерт болды

2021 жылдың 19 маусым 2021 23:33

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында көлік апатынан 7 адам мерт болды. Жантүршігерлік жағдай «Алматы-Көкпек-Көктал» тасжолында болған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«19 маусым күні сағат 18:45 шамасында «Алматы-Көкпек-Көктал» тасжолының 134-шақырымында жол көлік апаты болды. Байсейіт ауылының маңында «Toyota Rav-4» және «Audi C4» көліктері соқтығысқан. Салдарынан екі көліктің де жүргізушісі және үш жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. Тағы екі адам Шелек ауылындағы ауруханада көз жұмды. Қаза болғандар арасында 16, 13, 8 жастағы балалар мен 4 айлық сәби бар. Тағы үш жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Көлік апатына не себеп болғаны тергеу барысында анықталады», делінген Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми берген хабарламасында.


Жоғары қарай