Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында көлік қаққан оқушының екеуі ес-түссіз жатыр

2021 жылдың 3 наурыз 2021 16:14

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында көлік қаққан екі оқушының жағдайы өте ауыр. 2012 жылғы балалар ес-түссіз ауруханада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2012 жылғы екі қыздың жағдайы өте ауыр. Арнайы аппараттың көмегімен демалып жатыр. Бас-ми жарақатын алған. Жамбас сүйектері сынған. Ал үшінші 2011 жылғы қыздың жағдайы тұрақты. Аяғы сынған», - деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова.

Естеріңізге сала кетейік, 2 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданының Қорам ауылында 4 оқушы қызды көлік қағып кетті. Оның үшеуі ауруханаға түсті. Көлікті жүргізген 54 жастағы азаматтың ішімдік ішкені анықталды.


Жоғары қарай