Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында көліктің нөмірін алып тастап сайран құрған түлектер ұсталды

2021 жылдың 25 мамыр 2021 18:01

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында көліктердің мемлекеттік нөмірін алып тастап сайран құрған түлектер ұсталды. Қазір полиция оларға қатысты шара қолдануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқиға Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылында болған. Олар - колледж түлектері. Автомашинадағы адамдар да, көліктер де анықталды. Қазір полицейлер осы оқиғаға қатысты тиісті шара қолданып жатыр», - деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қосымша ақпарат кейінірек жарияланатынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде мемлекеттік нөмірсіз жүрген кортеждің видеосы тараған болатын.



Автор Самал Қабышева
Басты сөздер: Алматы облысы, Оқиға,
Жоғары қарай