Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында көпқабатты үйдің төбесі опырылып ортасына түсті

2021 жылдың 26 мамыр 2021 20:44

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат – Алматы облысында көпқабатты үйдің төбесі опырылып ортасына түсіп, бүтін бір отбасы бір ажалдан аман қалды. Текелі қаласындағы екі қабатты бұл үй үш жыл бұрын апатты деп танылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін сағат 11:30 шамасында үйдің төбесі құлады. Балам ішінде ұйықтап жатқан. Құлаған дауысынан оянып, мен жүгіріп үйге кіріп, екі кішкентай баламды алып шықтым. Қазір бір өлімнен қалдық. Бір үйде жеті жанбыз», - дейді Текелі қаласының тұрғыны Жігерхан Адайханұлы.





Қаңыраған екі қабатты үйді пана еткен жалғыз отбасы қазір үйіндінің ортасында үреймен өмір сүріп отыр.

12 пәтерлі бұл үйде Адайханұлының жанұясы ғана тұрып жатыр. Себебі, бұл отбасының басқа барар жері жоқ.

Ал төбесі, іргесі шіріп, құлағалы тұрған апатты үйден жалғыз шаңырақты әкімдіктегілер басқа жерге көшіруге көмек көрсетпеген.








Бюджетте ақша жоқ деп жылы шығарып салып отырған.

Жалпы Текелі қаласында осындай апатты 19 екі қабатты үй бар. Сұрқының өзі адамды шошытады.

Мұржасын терезеден шығарған тұрғындар осында амалдап өмір сүріп жатыр.

«Осы үйге 2020 жылы бюджетке ұсыныс енгізілген. Алайда әлі ақша қаражат бөлінбеген. Қазір осы жартыжылдықта қайтадан ақшаға сұраныс жібереміз», - дейді Текелі қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Аян Рысбеков









Жоғары қарай