Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматы облысында коронавируспен 3,5 мыңнан астам медицина қызметкері күресуде

2020 жылдың 8 шілде 2020 14:04

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 3,5 мыңнан аса медицина қызметкері коронавируспен күресіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оның ішінде 851-і дәрігер, 2514-і орта және кіші медициналық персонал. Провизорлық бөлімде төсек қорының ұлғаюына байланысты кадрлар жетіспейді. Жалпы алғанда, 156 дәрігер қажет (оның ішінде пульмонолог маман - 8, эпидемиолог - 38, терапевт дәрігер - 110)», - деді Алматы облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов журналистерге арналған брифингте.

Оның айтуынша, бүгінде резидентурада оқитын дәрігерлер, медициналық университеттер мен колледждердің түлектері де жұмылдырылуда.

«Инфекциялық және уақытша ауруханаларда жұмыс істейтін медицина қызметкерлері үшін қонақүйлер мен тамақтану ұйымдастырылған. Барлық дәрігерлер жеке қорғаныс құралдарымен 100% қамтамасыз етілген. Бүгінгі таңда облыста бір айға жететін жеке қорғаныс құралдары бар. Оның ішінде 850 мың бетперде, 150 мың жұп қолғап және 45 мың жиынтыққа арналған бір рет қолданылатын қорғаныс костюмдері бар», - деді Б. Байжұманов.

Жоғары қарай