Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында құрылыс басында екі жұмысшы төбелесіп, біреуі мерт болды

2021 жылдың 2 желтоқсан 2021 21:40

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат – Алматы облысында құрылыс басында жұмысшылар ішімдік ішіп, арты адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Жамбыл ауданының Айдарлы ауылында болған.

Полицияға 32 жастағы азаматтың пышақ жарақатымен ауруханаға түскендігі жөнінде хабарлама түскен.

Оқиғаның мән-жайын анықтап, жедел-іздестіруге кіріскен полицейлер 37 жастағы Ұзынағаш ауылының тұрғынын ұстады.

«Күдікті жәбірленушіге пышақ жарақатын салғанын мойындады. Оның сөзінше, жәбірленуші екеуі бірігіп ішімдік ішкен, артынан екеуінің арасында жанжал туындап, ол бөтелкелесінің ішіне пышақ жарақатын салған. Айғақ зат ретінде пышақ тәркіленді», - делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

32 жастағы жәбірленуші алған жарақатынан 2 күннен кейін ауруханада көз жұмды.

Тергеу ҚР ҚК 106 бабы 3 бөлігіне сәйкес жүріп жатыр.


Автор Самал Қабышева
Басты сөздер: Заң, Алматы облысы, Оқиға,
Жоғары қарай