Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматы облысында лаңкестікке қарсы операциялар аяқталды

2022 жылдың 28 қаңтар 2022 14:46

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат – Алматы облысында терроризмге қарсы операциялар аяқталды. Бірақ полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу шаралары жүріп жатыр. Талдықорған қаласында тұрақты түрде төрт блокбекет тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Халықтың емін-еркін жүріп тұруын қадағалайтын қосымша бақылау бейнекамералары орнатылып, саяжайларда рейдтік шаралар жүргізілуде. Облыс аумағында 19 модульдік бекет қойылды. Республикалық және облыстық маңызы бар жолдар мен ішкі жолдарда бақылау күшейтілді.

«Жедел-алдын алу шаралары барысында 61 қылмыстық іс қозғалды. Бұрын іздеуде жүрген 11 қылмыскер қолға түсті. 15 қару, 3 жарылғыш зат тәркіленді. 11 арнайы қорғаныс құралы табылды. Бұл бағытта жұмыстар әлі де жалғасады», - деді Алматы облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ержан Оразбаев.


Жоғары қарай