Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында мыңға жуық нысан Ashyq жобасынан шығарылды

2021 жылдың 15 қыркүйек 2021 11:26

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында мыңға жуық нысан Ashyq жобасынан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы облысында 8 933 нысан Ashyq пилоттық жобасын қолданады. Мониторинг тобы шағын және орта бизнестің 5 099 субъектісін тексеріп, қосымшаны дұрыс пайдаланбаған фактілерді анықтады. Тиісінше жобаның 997 қатысушысы Ashyq платформасынан шығарылды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің деректері бойынша 2021 жылғы 10 маусым мен 15 қыркүйек аралығындағында біздің облыс азаматтарынан санитариялық-карантиндік режимді бұзған 3159 адам анықталды», - делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Оның ішінде, «қызыл» мәртебесі бар 2 346 және «сары» мәртебесі бар 813 адам тіркелген. «Қызыл» мәртебесі бар тұлғаларға қатысты жалпы 3 894 175 теңге болатын 89 айыппұл салынды.

Сондай-ақ, «сары» мәртебесі бар азаматтарға қатысты үй карантиніндегі шарттарды сақтау қажеттілігі туралы талаптары бар 295 қаулы берілді.


Жоғары қарай