Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында полиция зираттағы белгітастарды шимайлап кеткендерді іздеп жатыр

2021 жылдың 25 мамыр 2021 22:51

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы ауылда христиандар бейітіндегі белгітастарды шимайлап кеткендер іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Белгісіз біреулер христиандар зиратындағы 19 белгітасты аэрозоль бояумен шимайлап кеткен. Қазір полиция Қылмыстық кодекстің 294-бабы яғни, вандализм бойынша іс қозғап, кінәлілерді іздеп жатыр.


Күдіктілер ұсталып, кінәсі дәлелденсе 466 мың теңгеден астам айыппұл салынады немесе қоғамдық жұмысқа жегіледі. Сондай-ақ 40 тәулікке қамау жазасы да қарастырылған.

«Факті әлеуметтік желіні мониторингілеу кезінде анықталған. Полицейлер дереу тексеруге кірісті. Анықталғандай вандализм оқиғасы Еңбекшіқазақ ауданы Ащыбұлақ ауылында болған. Қазір Қылмыстық кодекстің 294-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, кінәлілер іздестірілуде», - деді Алматы облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Әзірбек.


Жоғары қарай