Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Алматы облысында шілде айында көлік апатынан 43 адам көз жұмды

2019 жылдың 24 шілде 2019 21:23

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының автожолдарында 11 мыңнан астам жүргізуші көліктің жылдамдығын асырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында полицейлер «Қауіпсіз жол» іс-шарасы аясында жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында жол жүру ережелерін өрескел бұзғандарды анықтады.

«Республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарды бақылау тұрақты түрде жалғасуда. Жол ережесін бұзғандардың басым бөлігі көліктің жылдамдығын асырған. 6 айда осындай 11520 факті анықталды. Жылдамдықтың артуы, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу көбінесе жол көлік оқиғасының басты себебі болып отыр»,- деп мәлімдеді Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, шілде айында өңірдің автожолдарында 95 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 43 адам қаза тауып, 140 адам жарақат алған.

«Қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында полиция бөлімшелерінің қызметкерлері жұмысты күшейтті. Тәртіп сақшылар »жол ешқашан қателікті кешірмейді« деген қағиданы еске салады», - деп атап өтті өңірдің полицейлері.

Жоғары қарай