Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында синтетикалық есірткіні насихаттаған нашақор ұсталды

2021 жылдың 10 қыркүйек 2021 22:10

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында синтетикалық есірткіні насихаттаған нашақор ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұсталған 40 жастағы азамат бұған дейін де есірткі таратқаны үшін 5 жылға сотталып, жазасын өтеген.




Ол профилактикалық тізімде нашақор ретінде тіркеуде тұр.

6 қыркүйек күні Іле ауданында есірткіге қарсы «Допинг» профилактикалық шарасы өтті. Негізгі бағыты - синтетикалық есірткінің қоғамдық орында насихатталуына жол бермеу.

«Іздеу барысында 40 жастағы Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. Ол үйлердің қақпасына, қоғамдық жерлерге синтетикалық есірткіні жарнамалап, түрлі сайттар арқылы табыс табуға шақырғанын мойындады» делінген Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тінту кезінде оның пәтерінен аэрозол бояулары, жарнама заттары тәркіленді.

Қазір бұл факті бойынша ҚР ҚК 299-бабы 1-бөлігі 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.


Жоғары қарай