Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматы облысында стенд атудан Азия чемпионаты өтеді

2019 жылдың 10 қыркүйек 2019 20:55

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 20-30 қыркүйек күндері Алматы облысындағы Байсерке ауылында стенд атудан 9-шы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім еткендей, Александр Асанов атындағы мергендер клубында өтетін құрлық додасына 26 мемлекеттен 400-ге жуық спортшы қатысады деп жоспарлануда. Олар «скит», «трап», «трап-микс» және «дубль-трап» бойынша сынға түсіп, өзара мықтыны анықтайды.

Айта кетерлігі, аталған Азия чемпионатында Олимпиада жолдамасы сарапқа салынбайды. Лицензиялық турнир қараша айында Катар астанасы Дохада өтетін құрлық додасында үлестіріледі.


Басты сөздер: Аймақ, Спорт, Алматы облысы,
Жоғары қарай