Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында Тұңғыш Президент күні қарсаңында жаңа нысан пайдалануға берілді

2021 жылдың 26 қараша 2021 14:53

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Тұңғыш Президент күні қарсаңында жаңадан салынған әлеуметтік ғимарат қолданысқа берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өзінің туған Төле би ауылының халқына нысанды Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкері Тавабир Чикаев салып берді.

Жалпы көлемі 325 шаршы метрлік екі қабатты ғимаратта тәулігіне 50 адам қабылдайтын амбулатория, пошта мен учаскелік полиция бөлімшесі қоныстанды.

Нысанның ашылуына аудан әкімі Әлібек Жақанбаев арнайы қатысып, тұрғындар қуанышына ортақтасты. Сонымен қатар «Қазпошта» АҚ атқарушы директоры Жанбота Букенова, «Қазпошта» АҚ Алматы облысы бойынша директоры Мұхит Карибаев сөз сөйлеп, игі істің ұйытқысы болған аудан әкіміне, жомарт жүрек кәсіпкерге алғысын білдіріп, қошемет көрсетті.

Айта кетейік, 15 сотық жерде бұған дейін поштаның ескі ғимараты орналасқан. Небәрі үш ай ішінде салынған нысан Көктөбе округі тұрғындарының қуанышын еселеді.





Жоғары қарай