Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 454.18
RUB 5.81
CNY 57.66

Алматы облысында ТЖ тәртібін бұзған компьютерлік клуб иесі жауапқа тартылды

2020 жылдың 31 наурыз 2020 14:22

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында төтенше жағдай тәртібін бұзған компьютерлік клуб иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзек кентінде түнгі мезгілде патрульдеу барысында төтенше жағдайға байланысты тыйым салынғанына қарамастан жұмыс жасап тұрған виртуальды ойын клубын анықтаған. Тексеру барысында клубта 10-нан астам адамның болғаны белгілі болды.

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты көңіл-көтеру орындарының, оның ішінде ойын клубтарының, түнгі клубтардың және компьютерлік клубтардың қызметіне толығымен шектеу қойылған. Дегенмен, 1984 жылы туған жергілікті тұрғын қойылған талаптарды бұзғаны анықталды. Құқық бұзушыға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ҚР ӘҚбК 476-бабының 3-тармағына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Аталған дерекке қатысты іс материалдары сотқа жолданып, құқық бұзушыға 10 АЕК мөлшерінде, яғни 26510 теңге айыппұл салынды.


Жоғары қарай