Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматы облысында ҰБТ кезінде ереже бұзған 47 түлек тестілеуден шығарылды

2020 жылдың 24 маусым 2020 22:52

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Биыл Алматы облысында 15 526 адам мектепті аяқтаса, соның ішінде 11 589 түлек ҰБТ тапсыруға өтінім берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Облыста ҰБТ өткізетін 16 пункт жұмыс істейді. Жаһанды жайлаған коронавирус инфекциясына байланысты ҰБТ өткізілетін әрбір пункте медициналық-санитарлық нормаларға сәйкес барлық сынақтан өтушілер залалсыздандырудың 5 кезеңінен өтеді.

«Білім сынағын тәуелсіз сарапшылар қадағалайды. Оның құрамында арнайы мониторинг тобының мүшелері, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері бар», - дейді облыстық білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова.

ҰБТ өткізілген үш күнде 4093 оқушы тестке қатысуға өтініш берген. Оның 98-і тестен өтуден бас тартса, 15-і сырқаттанып қалған.

Үш күннің ішінде сынақ тапсырушылардың 47-сі ереже бұзған. Осылайша олар тестен шеттетілген. Соңғы үш күннің ішінде 3933 оқушы білім сынағынан өткен.

Маусым айында тестілеуге кіргізілмеген, немесе ҰБТ нәтижелері жойылған болса түлек қаңтар айында екінші мәрте сынақтан өте алады.

Шекті балл жинаған жағдайда түлек ЖОО-на ақылы негізде оқуға түсе алады.


Басты сөздер: Алматы облысы, Оқиға, Білім, ҰБТ,
Жоғары қарай