Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында вакцинациялаудың екінші кезеңі басталды

2021 жылдың 24 ақпан 2021 22:20

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат- Алматы облысында вакцинациялаудың екінші кезеңі басталды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың келесі сатысы басталды. Өңірге Спутник В вакцинасы екінші компонентінің 1450 дозасы әкелінді. 26 емдеу мекемесінде 29 егу кабинеті жұмыс істеп жатыр.

Биыл облысқа барлығы 150 мың доза вакцина әкелу көзделген. Шалғай елді мекен тұрғындарын вакцинациялауға арналған 12 жылжымалы бригада жасақталды.

Сондай ақ 500 ге жуық медицина қызметкері арнайы оқытылып, аттестацияланды. Жалпы Алматы облысы бойынша 11 мыңнан астам ақ халаттылар вакцинациялауға жатады.

«Бірнеше өзіміздің әріптестерден қан анализдерін алдық. Титр өте жоғары бүгінгі таңда. Сол себептен біздің халқымызға, тұрғындарымызға айтарымыз, вакцинаны қабылдауымыз керек», - деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков.


Жоғары қарай