Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізуші иен далада қар құрсауында қалды

2020 жылдың 18 қараша 2020 13:41

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Балқаш ауданының тәртіп сақшылары қар құрсауында қалған көлікті шығарып, тұрғындарға көмек қолын созды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Топар ауылының учаскелік полиция инспекторы Серік Байбосынов пен Топар ауылының учаскелік полиция инспекторы Бауыржан Амангелді «Мал ұрлығы» жедел алдын алу іс-шарасы барысында шалғай орналасқан қыстақтарды аралау кезінде жаңа жауған қарға батып, жүре алмай қалған FORD көлігін алыстан байқап қалған. Жақын келгенде көлікте жүргізуші мен егде жастағы қарт ананың бар екені анықталды. Сол жерде тұрғындарға көмек көрсетілді»,- деді Балқаш ауданы ПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Нұргелді Абиров.




Өз кезегінде күрті қарды күрей алмай, жол азабын шеккен жолаушылар көмек көрсеткен полицейлерге шексіз алғысын білдірді.

Жүргізуші енді көлігін қысқы мезгілге мұқият дайындайтынын айтты.

Балқаш ауданының тәртіп сақшылары әлеуметтік желі арқылы аудан тұрғындары мен қонақтарын көліктеріне қысқы дөңгелек салып, техникалық тексеруден өткізуге шақырды. Өйткені, қысқы жолдағы болмашы ғана қателік орны толмас қасіретке әкелуі мүмкін екенін ескертеді.





Жоғары қарай