Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында жер сілкінді

2021 жылдың 14 қыркүйек 2021 08:58

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысында жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

14 қыркүйек сағат 04.19 шамасында Алматы сейсмостансасы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 286 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында – Алматы облысы Панфилов ауданында (таулы аймақ) жер сілкінісін тіркеді.

Энергетикалық класы - 9.9. MPV магнитудасы - 4,2.

Координаттары 44*70 солтүстік енді, 79*81 шығыс бойлық, тереңдігі 15 км.

Жерасты дүмпуі сезілмеген.

Алматы облыстық ТЖ департаменті осы ақпарат түскеннен кейін жергілікті атқарушы органдарға, полиция департаментіне, Қазселденқорғау, прокуратура және басқа да ұйымдарға ескертті.

Ғимараттардың қирағаны және қаза тапқандар туралы ақпарат әзірге түспеген.


Жоғары қарай