Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 385.42
EUR 424.58
RUB 6.00
CNY 54.31

Алматы облысында жол апатынан 3 адам жарақат алып, 5 адам мерт болды

2019 жылдың 13 тамыз 2019 15:27

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысында жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысып, 4 адам мерт болды. Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаменті өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция департаменті таратқан ақпаратқа қарағанда, Алматы облысында бүгін, 13 тамыз күні сағат 08-00-дер шамасында 29 жастағы әйел адам басқарып келе жатқан Мазда-626 маркілі жеңіл көлік «Алматы-Бішкек» трассасының 84-ші километрінде «Shacman» маркілі жүк көлігімен соқтығысқан.

Осының салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы жол апатынан алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ түрлі дене жарақаттарын алған 3 адам Жамбыл ауданының ауруханасына жеткізілді.

«Жол апатының мән-жайы арнайы тергеу жұмыстарынан соң анықталады, ол үшін арнайы сараптамалар да тағайындалды»,-деп хабарламады ведомство өкілдері.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол ережелерін қатаң қадағалауға шақырып отыр. Бұл өз кезегінде жол-көлік оқиғалары мен онымен байланысты түрлі қайғылы жағдайлардың алдын алуға ықпал етеді. Өйткені қазір көлік апаттарының басты себептерінің бірі жылдамдықты шектен тыс асыру мен қарсы жолаққа шығып кету жағдайлары болып отыр.

Перевод Айдар Оспаналиев
Басты сөздер: Көлік, Оқиға, Алматы,
Жоғары қарай