Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында жол ережесін бұзған түлектер кортежіндегі 4 көлік айып тұрағына қойылды

2021 жылдың 25 мамыр 2021 20:32

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында мемлекеттік нөмірсіз жүрген түлектер кортежіндегілер ұсталды. Төрт көлік те айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көліктің терезесінен шығып, өмірге қауіп төндіріп, көңіл көтергендердің барлығы 17-22 жас аралығындағы Жамбыл ауданының тұрғындары. Полицияның ақпаратына сәйкес, олар колледж түлектері.

«25 мамыр күні әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде 4 автокөліктің Алматы-Бішкек тас жолында жол ережесін өрескел бұзғаны анықталды. Полиция оларды анықтап, ұстады. Төрт көлік айып тұрағына қойылды. Оның екі жүргізушісі кәмелеттік жасқа толмаған. Оларға бірден әкімшілік хаттама толтырылды. Жалпы осы іс бойынша 15 хаттама толтырылды. Оның ішінде көлікті мемлекеттік нөмірсіз жүргізу де бар», - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бір топ көліктің көшенің ортасында нөмірсіз, жол ережесін бұзып жүргенін хабарлаған болатынбыз.




Жоғары қарай