Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында жұдырықпен үстелді ұрған бас дәрігердің әрекеті тексерілуде

2020 жылдың 18 қараша 2020 11:13

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында тұрғындармен кездесу барысында үстелді жұдырықпен ұрған аурухананың бас дәрігеріне қатысты тексеріс басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні ҚР Еңбек кодексінің 64-бабы 1-бөлігінің 4-тармағына сәйкес, Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан комиссия құрылды. Арнайы топ Талғар аудандық ауруханасының бас дәрігері Н. Г. Күлсейітовтің этикалық әрекетіне қатысты мәселені қарайды. Қабылданған шара хабарланатын болады», - делінген Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ресми мәлімдемесінде.

Айта кетейік, Талғар аудандық ауруханасының бас дәрігері кездесу барысында тұрғындардың бірінің қойған сұрағына ашуланып, үстелді жұдырықпен ұрған. Артынша залдан шығып кеткен. Ал тұрғынның ашу тудыртқан сұрағы ауруханада дәрілердің жетіспеуі жөнінде болған.


Жоғары қарай