Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында жүкті әйел қар құрсауынан құтқарылды

2020 жылдың 25 қаңтар 2020 19:20

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жедел жәрдем көлігімен ауруханаға бара жатқан жүкті әйелді құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖ департаментіне сілтеме жасап.

«Оқиға 24 қаңтарда Кербұлақ ауданында облыстық маңызы бар Сарыөзек-Шанханай автожолында болған. Ауа-райының қолайсыздығынан Шанханай ауылынан Кербұлақ ауданының орталық ауруханасындағы перзентханаға жүкті әйелді апара жатқан жедел жәрдем қарда тұрып қалған», - деп хабарлады облыстық ТЖД.

Сонымен бірге, жолдың осы бөлігінен 28 адам және 18 автокөлік эвакуацияланды, тағы 17 адамның көлігі жол бойында қалды.

Құтқару жұмыстарына Алматы облысы ТЖД 7 қызметкері мен 2 техникасы, 3 әскери қызметші және ҚР Қорғаныс министрлігінің № 40265 әскери бөлімінің 1 техникасы жұмылдырылды.


Жоғары қарай